Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Тобнияз 1Д көшесі.

E-mail: beineu_rb@mail.ru
Байланыс: 8(72932)2-12-54

  • Басты бет
  • ХАЛЫҚҚА
  • Мем сатып-алулар
  • Корпоративтік басқару
  • Мем. қызмет
  • Аурухана тарихы

    06 қазан

    Маңғыстау ауданының Сам өңіріндегі  халқына Тұрыш, Төлеп  ауылындағы учаскелік ауруханалар мен Қызыл-әскер, Ноғайты, Сарша, Бұғабай фельдшерлік-акушерлік пункттері және темір жол желілік амбулаториясы медициналық көмек көрсетті.

    Тұрыш ауылы учаскелік ауруханасында 1963-1966 жылдар аралығында бас дәрігер Тұрарбеков Бердібек  болды.

    1966-1974 жылдар аралығында Өтетлеуов Балта бас дәрігер болды.

    1974 жылы Ақжігітке көшуіне байланысты учаскелік аурухана жабылды. 1974 жылы Ақжігіт учаскелік ауруханасы ашылады алғашқы бас дәрігері  Тәжігулов Амангали  болды. 1999 жылы учаскелік аурухана жабылып дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылды.

    1972-1979 жылдар арлығында Төлеп учаскелік ауруханасында Каракулов Көптілеу бас дәрігер болды. Бейнеу ауданы құрылғанға дейін Бейнеу селосында 1965 жылы теміржол ауруханасы дәрігерлік көмек көрсеттті, бас дәрігері Қилыбаев Санбай болды. 1967 жылы темір жол тораптық ауруханасы ашылды.

    1967-1973 жылдар аралығында ауруханаға бас дәрігер Қилыбаев Санбай болды.   
    1973-1982 жылдар аралығында бас дәрігер Абилов Көңілмқос болды.
    1982-1986 жылдар аралығында бас дәрігер Шадманов Кемель Әбдіұлы болды.
    1986-1993 жылдар аралығында Бектубаев Руслан Фаризунұлы  бас дәрігер болды.
    1993-1996 жылдар аралығында Бітімов Аманқос Дүйсенбайұлы бас дәрігер болды.

    1996 жылы теміржол тораптық ауруханасы жабылып, дәрігерлік амбулатория болып құрылады. 1997 жылы амбулатория жабылды.

    1972 жылы Қарақұм селосында  аурухана ашылды, алғашқы бас дәрігері Беков Боранқұл болды.

    1973 жылы сәуір айының  аяғында Бейнеу ауданы құрылды. Сол жылы қыркүйек айында аудандық аурухана ұйымдасты, оның бас дәрігері  болып Шадманов Кемель Әбдіұлы тағайындалды. Аурухана барак үйлерде орналасты. Аурухананың алғашқы дәрігерлері хирург дәрігер Қыздарбаев Ізбасар Қыздарбайұлы, терапевт Меңдалиева Шәмшия Меңдалиевна, педиатр Жумалиева Рахима Абитовна жұмыс жасады. 1981 жылы типтік жобада салынған екі қабатты емхана ғимараты, 1982 жылы үш қабатты аурухана ғимараты пайдалануға берілді. Бейнеу орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерлері:

    1973-1982 жылдар аралығында бас дәрігер Шадманов Кемель Әбдіұлы

    1982-1985 жылдар аралығы Абилов Көңілмқос
    1985-2006 жылдар аралығында Абаев Барахат Токжанұлы
    2006-2010 жылдар аралығында Сүйінов Жаңбырбай Итібайұлы
    2010-2015 жылдар Нұржанова Замзагул Қаражанқызы

    2015-2017 жылдар Абдуллаев Берік Алдоңғарұлы

    05.09.2017 жылдан Байтугелова Зауре Елеуовна

    1999 жылдың ақпанынан бастап Бейнеу орталық аудандық  аурухана таратылып, оның негізінде  төмендегі кәсіпорындар құрылды:

    1. Құрамында 90 төсектік аурухана бөлімшелері, жедел жәрдем бөлімшесімен «Бейнеу орталық аудандық  ауруханасы» МКҚК
    2. Құрамында дәрігерлік амбулаториясы, сүт кухниясы және Бөкен, Ноғайты, Тұрыш, Қызыласкер, Төлеп, Сыңғырлау фельдшерлік-акушерлік пункттері енетін «Бейнеу аудандық емханасы» МКҚК.
    3. «Ақжігіт дәрігерлік амбулториясы»
    4. «Жангелді дәрігерлік амбулториясы»
    5. Құрамында дәрігерлік амбулаториясы бар «Қарақұм ауылдық ауруханасы».
    6. Құрамында 25 төсек туберкулез жән 20 төсек жұқпалы ауруларға арналған «Аудандық туберкулез ауруханасы».

    Бейнеу аудандық емханасы бас дәрігері болып  Жұмалиева Рахима Абитовна, Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы бас дәрігері болып Баймуналова Сайлаугул, Жангелді дәрігерлік амбулаториясы бас дәрігері болып Онғарова Маржан, Бейнеу аудандық туберкулез ауруханасы бас дәрігер болып Нұржанова Зәмзагүл  Қаражанқызы тағайындалды.

    Әр жылдары ауданның денсаулық сақтау саласында өзгерістер болды.

    Бүгінгі таңда ауданда аудан халқына медициналық көмек көрсетіп отырған емдеу орындары:

    1. Бейнеу орталық аудандық ауруханасы – 120 төсектік (терапия, хирургия, балалар, перзентхана, жұқпалы аурулар бөлімдері) орынмен және жедел-жәрдем бөлімімен, құрамында:

    • Аудандық емхана-30 төсек күндізгі стационарымен;
    • Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы-5 төсек күндізгі стационарымен;
    • Сарға дәрігерлік амбулаториясы-5 төсек күндізгі стационарымен;
    • Туберкулез диспансері-10 төсек күндізгі стационарымен;
    • Сыңғырлау ФАП;
    • Төлеп ФАП;
    • Есет ФАП;
    • Тұрыш ФАП;
    • Ноғайты МП;
    • Сам МП;
    • Тажен МП;

    2. Боранқұл ауруханасы – 20 төсектік соматикалық бөлімшелерімен және амбулаториясы құрамында 10  төсектік күндізгі стационарымен.

    Басқарма басшысы
    Абдуллаев Берік Алдоңғарұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар