Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Тобнияз 1Д көшесі.

E-mail: beineu_rb@mail.ru
Байланыс: 8(72932)2-12-54

  • Басты бет
  • ХАЛЫҚҚА
  • Мем сатып-алулар
  • Корпоративтік басқару
  • Мем. қызмет
  • Ерікті түрде қан тапсырудың құндылығы қандай?

    181
    24 Шілде

    Дүние жүзінде қан мен қан өнімдеріне деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Оның бірден-бір себебі түрлі апаттар мен техногендік жағдайлармен ғана емес, созылмалы аурулардың көбеюімен байланысты.

    Жасыратыны жоқ, мұқтаж жандар ақша үшін қан тапсыратыны бұрыннан байқалады. Ал кейбіреулері қан арқылы жұғатын ауруларын әдейі жасырады. Сондықтан қанның ең қауіпсіз көзі - тұрақты және тегін қан тапсыратын ерікті донорлар болып табылады. Төлем мәселесін алып тастау ерікті донорлықтың анағұрлым жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені бұл жағдайда донорлар үшін ең алдымен мотивация, яғни жанына шипа іздеген емделушіге әлеуметтік жағынан қолдау көрсетудің бірден-бір жолы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің 70-тен астам елінде ұлттық қанмен қамтамасыз етудің 90%-дан астамы ерікті донорлық есебінен қамтамасыз етіледі.

    Өз еркімен және өтеусіз қан тапсырғандар шын мәнінде көп адамның өмірін сақтап қалады. Төмен және орташа табысы бар елдерде қан құю мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес, әсіресе жүктілік пен босану кезінде сұраныс жоғары екендігін байқауға болады. Әйелдер үшін донорлық қан ауадай қажет, әсіресе босану кезінде сұраныс артатын кездер аз емес. Ал табысы жоғары елдерде трансфузия көбінесе жүрек хирургиясы, трансплантация хирургиясы, жарақат және қатерлі ісік терапиясы үшін қолдау терапиясы ретінде қолданылады. Осылайша қанға деген сұраныс шынымен де жоғары екендігін байқауға болады.

    Қан доноры - өз қанын өзгеге ұсына отырып, өлім аузындағы адамға өмір сыйлайтын жан. Дегенмен екінің бірі қан доноры болуға келісе бермейді. Оған қорқыныш, сенімсіздік және денсаулық жағдайы себеп болуы мүмкін. Шын мәнісінде донорлық қан көптеген адамның өмірін аман алып қала алады. Мысалы, босану кезінде туындаған қан кету жағдайында, қан аздықтың ауыр түріне шалдыққан балаларға, жазатайым оқиға кезінде зардап шеккендерге және онкология мен хирургия бөлімдерінің емделушілеріне қан құйылады. Қан тапсыру арқылы кез-келген адамға ең құнды сыйлық - өмірді сыйлауға мүмкіндік алу, бір немесе бірнеше адамның өмірін сақтап қаласыз. Өйткені қанды толығымен ғана емес, кейде эритроцит, тромбоцит және плазмаларға жіктеп, бөліп пайдалануға болады.

    Сонымен қатар, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтеріне сәйкес қан тапсыру ерікті донорлардың өздеріне де пайдалы әсер етеді. Белсенді донорлар жүрек-қан тамырлары ауруларына азырақ шалдығады және жол апаттары мен басқа да жазатайым оқиғаларда қан жоғалтпауға оңай төтеп береді. Яғни, қан доноры болу арқылы біреуге өмір сыйлап қана қоймай, өз өміріңді де ұзартуға болады.

    Маңғыстау облыстық Қан орталығы қайтарымсыз қан тапсыру арқылы адам өмірін арашаларап қалуға шықарады. Орталық келесі мекенжайда орналасқан: Ақтау қаласы 34 ш/а, 1/2 ғимарат. Телефон нөмірлері 8(7292) 40‒32‒78, 8 (7292) 40‒17‒50.



    Басқарма басшысы
    Абдуллаев Берік Алдоңғарұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар