Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Официальный интернет-ресурс

ГКП на ПХВ «Бейнеуская центральная районная больница»

130100, Республика Казахстан, Мангистауская область, Бейнеуский район, село Бейнеу, ул. Тобанияза 1Д.

E-mail: beineu_rb@mail.ru
Контакты: 8(72932)2-12-54

  • Главная
  • ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ
  • Гос закупки
  • Корпоративное управление
  • Гос. служба
  • Денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

    22 февраля

    1. Дәрігердің қабылдауына жазылу қызметі.

    2. Дәрігерді үйге шақырту қызметі

    3.  Психоневрологиялық диспансерден анықтама алу

    5.  Наркологиялық диспансерден анықтама алу

    6.  Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама алу

    7. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

    8. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

    9.   Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

    10. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру

    Мемлекеттік қызметті техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі. Планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.

    Дәрігердің қабылдауына жазылу қызметі.   Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылуды жүзеге асыру үшін МСАК ұйымдары көрсететін "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы іске асырылады.

    МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметті ұсынады.

    Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" батырмасына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.

    Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

       

    Дәрігерді үйге шақырту қызметі

    МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер жүргізіледі: патронаж; пациентке белсенді бару; үйге шақырту;үй жағдайындағы стационар; 3 деңгейдегі медициналық реабилитация, салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар; медициналық-әлеуметтік қолдау,психологиялық көмек; созылмалы ауруларды динамикалық байқау; рецепт жазу;паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы.

    Дәрігерді үйге шақырту қызметін: 

    -Емханаға өз еркімен бара алмайтын төсек тартып жатқан созылмалы ауруы бар науқастар

    -1,2 топтағы мүгедектер

    -38 градустан жоғары қызу болған кезде

    -Қан қысымының көтерілуі кезінде

    -Қозғалуға мүмкіндігін жоғалтып,омыртқа буын ауруларымен ауырған кезде

    -Бас айналу, құсу кезінде

    Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі. Планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.

    Пациенттерді үйдегі стационарда қадағалап-қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 669 бұйрық) бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес медициналық қызметкермен жүзеге асырылады.

    МСАК ұйымы № 669 бұйрыққа сәйкес күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетеді

    Дәрігерді үйге шақырту батырмасынан бөлек, «Даму мед» қосымшасында шұғыл шақыру деген батырма бар, ол тек мына категориядағы  адамдарға тиесілі: 

    -жүкті әйелдерге

    - үйде 5 жасқа дейінгі баласы бар ата-аналар

     -ауруымен Диспансерлік есепте тұратын науқастарға

    ал енді өзіңіздің жағдайыңызды шұғыл деп танысаңыз сол жерде 103 қызметі батырмасына қоңырау шаласыз.

     Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту қызметі. 

    Тұрғынның емханаға (РПН-ге)  тіркелуі туралы өтініштер егов порталы арқылы келіп түседі.

    ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен, МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

          Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады: яғни бумажный тіркелетіндер:

           1) зейнеткерлер;

           2) мүгедектер;

          3) бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);

          4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша)

         5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;

         6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер; мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме

         7) шет мемлекеттерде туған балалар;

         8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар;


    Руководитель управления
    Абдуллаев Берик Алдонгарович Биография Вопрос-ответ Блоги