Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Тобнияз 1Д көшесі.

E-mail: beineu_rb@mail.ru
Байланыс: 8(72932)2-12-54

  • Басты бет
  • ХАЛЫҚҚА
  • Мем сатып-алулар
  • Корпоративтік басқару
  • Мем. қызмет
  • Науқастар жадынамасы

    14 қыркүйек

    Қарапайым Кеңестерді ұстану Сіз бен отбасыңыздың Денсаулығын сақтайды!

    Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) - Ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. ЖІИ қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта,суда,сондай-ақ қасық,тәрелке,есіктің тұтқасы,ойншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда,сүтте,сүтті өнімдерде,салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

    Негізгі белгілері:

    Іштің ауыруы;

    Құсу,іш өту;

    Дене қызуының көтерілуі;

    Әлсіздік,тәбеттің төмендеуі.

    Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады,соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып,жүректің, тамырлардың,бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

    Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса,өздігіңізден емделмей,жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

    Табиғатта белсенді,салауатты демалысты өткізу үшін ұсынылады:

    Азық-түлікті арнайы дүкендер мен базарлардан сатып алыңыз.

    Тез бұзылатын азық-түлектер:сүт пен сүт өнімдерін, етті,кремді кондитерлік өнімдерді,дайын және араластырылған салатты өзіңізбен бірге алып шықпаңыз.

    Ірі еттерді,құстың етін,жұмыртқаны әбден қайнатыңыз және қуырыңыз.

    Қолданар алдында көкөністерді, жеміс-жидектерді жақсылап жуыңыз.

    Ауыз суын немесе қайнатылған суды тұтыныңыз.Су қоймаларындағы суды пайдаланбаңыз.

    Қолыңызды жуыңыз немесе бактерияға қарсы әсері бар/зарарсыздандыратын дымқыл майлықты қолданыңыз.

    Денсаулығыңызды күтіңіз!

    Басқарма басшысы
    Абдуллаев Берік Алдоңғарұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар