Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Официальный интернет-ресурс

ГКП на ПХВ «Бейнеуская центральная районная больница»

130100, Республика Казахстан, Мангистауская область, Бейнеуский район, село Бейнеу, ул. Тобанияза 1Д.

E-mail: beineu_rb@mail.ru
Контакты: 8(72932)2-12-54

  • Главная
  • ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ
  • Гос закупки
  • Корпоративное управление
  • Гос. служба
  • ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

    268
    14 сентября

    ӘЙЕЛ  ДЕНСАУЛЫҒЫ  -  ҚОҒАМ  ДЕНСАУЛЫҒЫ.

     

    Өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай адамның келгендігінің белгісі.

       «Сіз ана боласыз» деген сөзді дәрігерден естігеннен бастап әрбір әйел өзіне және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына толық жауапты болады. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Оның ішіне еңбек, демалу және тамақтану кіреді. Осы бір бақытты сезінуден басқа, жүктілікті жоспарлау, жүктілік кезінде ағзада болатын өзгерістер, жүктілік асқынулары, жиі кездесетін аурулардың алдын-алу және сәбидің  дамуына  қажетті  қосымша  берілетін  дәрумен  туралы,  олардың  қажеттілігі туралы  білген  абзал. 

      Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты және күрделі кезеңдердің бірі. Ағза өзінде жаңа өмірді өсірумен,күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды. Бұл кезеңде ағзаңызға қолдау көрсетіп отырған өте маңызды.

    Дайын дәруменді кешендерді неліктен жүктілікке дейін және одан кейін қолданып отыру керек? Анасы мен іштегі нәресте өзіне аса мұқтаж болып отыратын дәрумендерболады. Ең алдымен бұл фолий қышқылы немесе B9 дәрумені. Іштегі баланың ықтимал патологиялары мен туабіткен ақауларының алдын алу үшін дәл сол жауапты. Біз оны қою жасыл түсті көкшөптер мен көкөністерден   алып отырамыз. Алайда оның ерекшелігі сол – ол өте ыдырағыш болып келеді – жылу мен жарықтың әсерінен ыдырап отырады. Сол себептен оны өнімдерден жеткілікті мөлшерде алып отырған қиын. Фолий қышқылын жүктілік басталған сәтке қарсы ағза оның қажетті қорына ие болатындай жүктілікті жоспарлау кезеңінен бастап-ақ қабылдау керек.

    Темір, фолий қышқылы және магний – етеккір аурулары мен жүктілік кезіндегі маңызды биофакторлар

    Темір, фолий қышқылы және магний – әйел ағзасына өте маңызды элементтер. Олар қантүзілім, қан жоғалтудың орнын толтыру және етеккір спазмдарын жеңілдету үшін маңызды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдерде фолий  қышқылының  жетіспеушілігі баланың  миының   дамуына, сәбидің ой-кемістігіне себепкер болуы мүмкін.Фолий қышқылын бала көтергеннен 12 аптаға дейін қабылдау керек. Е дәрумені әйел адамның репродуктивті жүйесінің қызметін жақсартады, жыныстық гормондарын ретке келтіреді, сау баланы дүниеге әкелу үшін жағдайынжасайды. Жыл сайын 800-ге жуық жаңа туған нәресте ми мен жұлынның даму ақауларын тудыратын былайша айтқанда «жүйке түтігінің ақауымен» туады. Егержүктіліктің алғашқы аптасында ағзаға фолий қышқылының жеткілікті мөлшері келіп түссе, жүйке түтігінің ақаулары аз болуы мүмкін.

    Жүктілік кезінде фолий қышқылының қанша мөлшерін қабылдау керек?

    Жүктілік кезінде фолий қышқылының жеткілікті қорына ерекше назар аудару керек: Жүкті әйелдер үшін фолий қышқылының ұсынылатын тәуліктік мөлшері 550 мкг құрайды. Ол ДНҚ, тимин және маңызды амин қышқылдарының құрылыс блогын синтездеу үшін қажет болғандықтан, жүктіліктің алғашқы апталарында фолий қышқылының тапшылығы эмбрионның ауыр дәрежеде зақымдануына әкелуі мүмкін.

      Жүкті әйелдер үшін тағы бір маңызды дәрумен – В6Ол алғашқы жүктіліктің  үш  айында  кең тараған проблемамен – токсикозбен күресуге көмектеседі, оның тапшылығы қаназдыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Темір препараттары екінші және үшінші триместрде балада гипоксияның және жатырдың шамадан тыс артық мөлшердегі тонусының алдын алу үшін өте маңызды, алайда оларды С дәруменімен бірге қабылдап отырған дұрыс, ол темірдің игерілуіне көмектеседі.

    D дәрумені кальциймен байланыса отырып жұмыс істейді – олар бірге іштегі баланың сүйек ұлпалары мен келешектегі тістерін қалыптастырады, эндокринді жүйенің жұмысына қатысады.

    Жүктіліктің әр  кезеңіне сәйкес келетін дәрумендердің дайын кешенін таңдап отырған дұрыс, себебі онда ана мен баланың дәрумендер мен микроэлементтерді қажетсінулері олардың дұрыс тәуліктік мөлшерлемесін қамтумен толығымен ескерілетін болады. Бұл жағдайда сіз күніне бір немесе екі таблетканың ағзаңыздың осы кезеңдегі қажетсінулерін толығымен қамтып отырғанына сенімді бола аласыз.

    A дәрумендері - олар тістің, сүйектің шаш пен тырнақтың саулығын сақтап және оны жақсартуға көмектеседі, B тобындағы дәрумендер  босанудан  кейінгі  ықтимал жабырқаңқы-депрессиялық күйлердің алдын алу үшін қажет.

    С, Е дәрумендері мен бета-каротин - бұл антиоксиданттар. Оларды қабылдау иммуниттеті  және  қан тамыры жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Ал бұл жүктіліктің басталуы үшін маңызды факторлар болып табылады. Антиоксиданттар иммунды жүйені сақтайды. Бұл дәруменді қабылдау - баланың шетінеуінің алдын алу мерзімінен бұрын түсік тастамаудың ең тиімді шарасы. Д дәрумені организмдегі кальцийді жақсы қорытады. Д дәрумені сәби сүйегінің дұрыс әрі жылдам қалыптасуына ықпал етеді. 

    Йод - бұл минерал. Оның жетіспеушілігі ана денсаулығы мен сәбидің жүйке жүйесінің дұрыс дамымауына әсер етуі мүмкін. Жоспарлау кезінде және бала емізу кезінде де йодтың қабылдануы дұрыс.

    Ағзадағы темір теңгерімі әйелдер үшін аса маңызды

    Әр адамның ағзасында 4 г темір бар. Темірдің жеткілікті мөлшерінің келіп түсуі қызыл қан жасушаларының синтезі үшін және, демек, біздің ағзамызда оттек тасымалдау үшін шешуші мәнге ие. Әйелдер үшін темірдің қан түзетін минералдары жүктілік кезеңі мен бала емізу кезінде ғана емес, етеккір кезінде де өте қажет. Тұрақты түрде қан жоғалту, көптеген әйелдерде темірдің жоғалуына алып келеді және бұл тіпті кеш сатыда анемия түрінде байқалатын және шаршағандықпен, концентрацияның төмендеуімен және физикалық әлсіздікпен байланысты болып табылатын темірдің дәлелденген тапшылығына әкелуі мүмкін. Мұндай тапшылықты дәрігермен кеңескеннен кейін қолайлы дәрілік заттың көмегімен емдеу қажет. Темірдің жетіспеушілігі тырнақтардағы жырашықтар, тырнақтың сынуы, шаштың түсуі және суыққа сезімталдық, сонымен қатар ең алдымен, ерін мен беттің бозаруы түрінде байқалады.

    Сізге темір жетіспейді деп ойласаңыз, дәрігерге қаралыңыз!

    Қандай азық-түлікте темір бар

    Бауыр, қанды шұжық және т ауық жұмыртқасы сияқты жануар тектес өнімдерде темір мөлшері көп. Вегетариандықтар жасымықты (6,9 мг / 100 г, темірдің өте жақсы қайнар көзі) және басқа да бұршақ тұқымдастарды темірге қажеттілікті қанағаттандыру үшін балама ретінде қолданғаны жөн, өйткені олардағы темір мөлшері жоғарыда аталған қанды шұжықтан да көп. Тіпті қызыл қызылша сияқты қызыл көкөністер және дәнді дақылдар (тары, қарабидай және сұлы) темірге бай тағамға жатады.

    Алайда адамдар тағамнан алынатын темірді әртүрлі жолмен сіңіреді, осылайша жануар тектес өнімдерден алынатын темірдің 30%-ы ғана сіңіріледі. Салыстыру үшін, өсімдік өнімдерінен темірдің 5%-ы ғана сіңеді. С дәруменімен бірге қабылдау, темірдің өсімдік өнімдерінен сіңуін арттырады. Демек, С дәруменінің жеткілікті мөлшеріне әрдайым назар аудару қажет.

    Егер темір тапшылығының белгілері сақталса, кофені, қара шай мен сүтті шамадан тыс мөлшерде тұтынуды тоқтату керек – осының бәрі темірдің сіңірілуін төмендетеді.

    Әйелдер темір тапшылығына ерлерден жиі шалдығады – сіздердің темірге мұқтаждығыңыз өте жоғары!

    Атап айтқанда, жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер өз балаларының қосымша қажеттіліктеріне байланысты темірге аса жоғары қажеттілікті сезінеді. Вегетарианшыл әйелдер және көп мөлшерде қан кетумен қатар жүретін етеккірі бар әйелдер ағзадағы темір деңгейіне назар аударуы керек. Қанның бір миллилитрінде 0,5 мг темір бар, сондықтан ай сайын өте көп мөлшердің орнын толтырып тұру керек; айтпақшы, сол себепті донор-әйелдерге ер адамдар сияқты мөлшерде қан тапсырудың қажеті жоқ. Балаларға ағзаның денсаулығын сақтау және мидың дамуы үшін көп темір қажет. Белсенділігі төмен адамдарға қарағанда жарысқа қатысатын спортшыларда темір көп мөлшерде бөлінеді, сондықтан бұлшықет жұмыс істеуі және ағзаны қалпына келтіру үшін оларға темір қажет. Ерлер үшін тамақтану бойынша ұсыныстар төмен, өйткені олар әйелдерге қарағанда етті орта есеппен көбірек жейді. Жалпы, олар темір тапшылығы қаупіне ұшырамайды және темірді қажетті мөлшерден артық тұтынады.

    Магний тапшылығы әйелдерге етеккір және жүктілік кезінде аса қатты әсер етеді

    Магний негізінен біздің сүйектеріміз бен бұлшықеттерімізді болады. Ол, адамның ағзасында сүйектер мен тістерді сақтау сияқты кейбір маңызды қызметтерді орындайды,сондай-ақ біздің бұлшықетіміздің босаңсуы мен қалпына келуіне жауап береді. Магний кальциймен бірге бұлшықет жұмысын реттейді.

        Жүктілік және бала емізу – әйелдің өмірінде магний көп қажет болатын екі кезең. Жүктілік кезінде магний тапшылығының алғашқы белгілері – іш қату, күшті токсикоз және балтыр бұлшықеттерінің құрысуы түрінде байқалуы мүмкін. 

    Бірнеше зерттеулер көрсеткендей, жеткілікті мөлшердегі магний ерте босану қаупін болдырмауы мүмкін. Сондықтанжүкті әйелдерге жас шамасына қарай байланысты магнийдің (310-350 мг) тәуліктік мөлшерін қабылдау ұсынылады. Бала емізетін әйелдерге одан да көп магнийқажет, өйткені емшек сүтінің бір литрінде 33 мг-нан 37 мгдейін магний бар. Емізетін әйелдер үшін ұсынылатын тәуліктік мөлшері шамамен 390 мг.     Магний тапшылығы етеккір ауруларын күшейтуі мүмкін

    Қандай өнімдердің құрамында магний көп?

    Магнийге әдеттегі қажеттілік жаңғақ, тұтас дәннен жасалған өнімдер, бұршақ тұқымдастары және сүт өнімдері қамтылған теңдестірілген тамақтанудың көмегімен қанағаттандырылуы мүмкін., өйткені аталған өнімдерде магний көп. Шоколадты ұнататын жандар үшін жағымды жаңалық: Какао ұнтағындағы магнийдің жоғары мөлшерінің арқасында, ащы шоколад құрамында магнийдің көп мөлшері бар.

    Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  кабинетінің  дәрігері  Толыбаева  Алтынай  Мұханбединқызы.


    Руководитель управления
    Абдуллаев Берик Алдонгарович Биография Вопрос-ответ Блоги